Қайрат Қуатұлы Әбусейітов
Қайрат Қуатұлы Әбусейітов 1955 жылы 20 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірді. Тарих ғылымының кандидаты, доцент. 1985-1989 жылдары – ҚазМУ-дің ассистенті, аға оқытушысы, декан орынбасары. 1989-1992 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің, кейін Алматы политология және басқару институты әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы. 1993-1996 жылдары - ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды. 1996 - 1998 жылдары - Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі. 1998-1999 жылдары - ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы. 2008 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі. 2008 жылдың тамызынан бастап - Қазақстанның Ирландия, Исландия республикалары мен Швеция Корольдігіндегі өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.