Қайрат Қанатұлы Сабыр 1966 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген, жоғары санатты хирург. Медицина ғылымының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Хирургия, ауыстырып қондыруды зерттеу». Профессор. 120 ғылыми-әдістемелік еңбектің, 3 монографияның, 8 өнертабыстың авторы. 1990 жылдан - Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатурада, хирургия кафедрасының аспиранты. 1995 жылдан - Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында госпитальді хирургия кафедрасының ассистенті. 1998 жылдан - «Облыстық клиникалық ауруханасы» МҚК бас дәрігері. 2000 жылдан - «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК ректоры. 2003 жылдан - «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК факультеттік хирургия кафедрасының меңгөрушісі. 2004-2014 жылдары - Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2014 жылдың маусым айында Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001); «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне» атты ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ белгілерімен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген.
Қайрат Қанатұлы Сабыр
Последние статьи автора