Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев

Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев 1945 жылы 17 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Тараз мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан - Алматы экономика және статистика академиясының Тараз қаласындағы өкілдігінің директоры. Мәдиев тері өндеу процесінде қолданылатын алюминий, цирконий және титан қосындысы негізінде жаңа илегіштер синтезінің теориялық негіздерін жасайтын жаңа бағыт ашты. Бұл жұмыстарының нәтижесінде өндірілген өнімнің түр-түрін көбейту және сапасын арттыру, тері өңдеу фабрикаларында экологиялық жағынан зиянды хром қосындыларын қолдануды азайтуға немесе толығымен ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа кешенді минералдық илегіштер шығарды. Қоршаған ортаға зиянсыз диаммоний фосфатпен мал терісін бүлінуден сақтаудың теориялық негізін салып, практикалық әдістерін енгізді. Мәдиевтің практикалық ұсыныстары мен түрлі әдістемелері Қазақстан мен ТМД елдеріндегі тері өңдеу фабрикаларында кеңінен қолданыс тапты. 16 авторлық куәліктің, 4 монография, 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста