Орынкүл Тәжиева
Орынкүл Тәжиева 1943 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш (бұрынғы Келес) ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент қаласындағы медициналық училищені бітіріп, аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарды. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп шығысымен, республикалық «Лениншіл жас» газетінде, одан соң «Қазақстан» баспасында кіші редактор болып жұмыс істеген. 1972 жылы Келес аудандық «Мақташы» газетінде алдымен бөлім меңгерушісі, одан соң жауапты хатшы, 1985 жылы Келес аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудан орталығындағы №3 балабақша меңгерушісі болып істеген. Қазір зейнеткер.
Шығармалары: Жетім қыз. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Қара қолғап. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; Менің ауылымның адамдары. Очерктер. «Қайнар»; А., 1972; Алтын жазулы алқа. Әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Шоқ жұлдызды Домалақ ана. Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1991; Сырғалылар әулетінің құпия қазынасы. Роман. «Келес өңірі» баспасы, 1993.