Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы

Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы  1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе колхозында дүниеге келді. 1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген. Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік степендиат атанып, факультетте комсомол комитетінің хатшысы болды, сол кезде партия қатарына өтті. Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған. 1979-1982 жылдары - К. Маркс атындағы орта мектептің директоры. 1982-1985 жылдары - Сарыағаш қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы № 10 мектеп-интернаттың директоры. 1985ж-Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы. 1987 жылы - аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1988 жылы - халық депутаттары Алғабас аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрайымы болып сайланды. 1990-1992 жылдары - идеология бөлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы. 1992-1993 жж. - Сарыағаш ауданының әкімі. 1993-1995 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1995-1996 жылдары - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі. 1997 жылы - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 1998-2006 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2012 жылдары - Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста