Оразбек Қалдыбаев 1937 жылы 19 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1961 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Экономика ғылымының докторы (1988), профессор (1991).
1961–1967 жылдары Қазақ КСР-і ҒА-да аға лаборант, зерттеуші. 1967–1970 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау клмитеті есептеу орталығында лаборатория бастығы. 1970–1981 жылдары Қазақстан ҒА-ның Экономика институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі. 1989 жылы Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі, 1993 жылы «Ұлағат» университетінің ректоры қызметтерін атқарған. «Совершенствование планового управления эффективностью производства в промышленности (вопросы теории, методики и практики)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Оразбек Қалдыбаев
Последние статьи автора