Ораз Әлиұлы Жандосов
Ораз Әлиұлы Жандосов 1961 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1986 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің экономикалық факультетін, Мәскеу Мемлекеттік Университетінің аспирантурасын тәмамдаған. 1987 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қазанға дейін ҚазКСР АН Экономика Институтының кіші ғылыми қызметкері, ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің консультанты, сосын ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің Экономикалық консультанттар Кеңесі басшысының орынбасары, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар бойынша Ұлттық агенттіктің төрағасы, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Инвестиция бойынша мемлекеттік комиссиясының Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі, «KEGOC» ААҚ президенті («Электр желілерін басқару бойынша қазақстан компаниясы»), ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Қаржыгерлер ассоциациясы Кеңесінің Төрағасы, ҚР Президентінің экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша көмекшісі, ҚР Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстанның «АК ЖОЛ» Демократиялық Партиясының төрағасы сияқты қызметтерді атқарған. 2008 жылдан бастап «Ракурс» экономикалық сараптау орталығының директоры. 2011 жылы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқармасының кеңесшісі болып тағайындалды.