Оралбай Әбдікамалов 1948 жылы 12 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистика институтын және аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
1983-1990 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма бастығы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2001 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Oil Services Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Оралбай Әбдікамалов
Последние статьи автора