Орал Тұтқабайұлы Әбдірахымов 1953 жылы 22 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін тәмамдаған. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.
1976-1988 жылдары - Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтының ассистенті, аспиранты, аға оқытушысы. 1988-1991 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері. 1991-1995 жылдары - Механика және машинатану институтының зертхана меңгерушісі, Жезқазған университетінің ректоры. 2001 жылдан Алматы технологиялық университетінде факультет деканы болып істейді. 2004-2008 жылдары - Рудный индустриялық институтының ректоры. 2008-2010 жылдары - Қазақ көлік және коммуникация академиясында ғылым, кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі. 2010 жылғы қыркүйектен бастап Алматы технологиялық университетінің инжиниринг және ақпараттық технологиялар факуьтетінің деканы.
Ғалымның 2 монографиясы, 90-нан астам ғылыми жарияланымдары және 16 ғылыми жаңалығы бар. Ғылым мен техникадағы табыстары үшін Ресей инженерлері одағының В.Шухов атындағы алтын медалімен марапатталған.
Орал Тұтқабайұлы Әбдірахымов
Последние статьи автора