Оңдасын Абдуллаұлы Абдуллаев 1948 жылы 13 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Киров атындағы колхозында дүниеге келген. 1968 жылы П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін, 1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
Еңбек жолын 1968 жылы Есік қаласындағы педагогикалық училищесінде музыка және ән сабағының мұғалімі қызметінен бастады. Содан кейін Есік пен Алматы қалаларындағы балалар музыка мектептерінің мүғалімі болып жұмыс істеді. 1979 жылы тамыз айынан бастап ҚазССР халық ағарту Министрлігінің музыкалық білім және эстетикалық тәрбие беру зертханасында әдіскер болып қызмет атқарды. 1980-1982 жылдар арасында К.Байсейітова атындағы Республикалық орта арнайы музыкалық мектепте ұстаздық қызметінде болды. 1982-1984 жылдары ҚазССР халық ағарту Министрлігінде тәрбие бөлімінің инспекторы кызметін атқарды. 1984 жылы Күләш Байсейітова атындағы Республикалық орта арнайы музыкалық мектеп директоры қызметіне тағайындалды. (2000ж. ҚР Үкіметінің № 604 Қаулысы негізінде «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі деп аталады). Осы күнге дейін аталған мектеп-интернатта директор қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылы 24 қазандағы Жарлығымен Абдуллаев Оңдасын Абдуллаұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Қүрманғазы атындағы Қазақтың ұлттық консерваториясының доценті ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсанындағы «Мемлекеттік наградалар туралы» Жарлығы бойынша «Парасат» орденімен марапатталды. 2008 жылы 23 мамырда Ы.Алтынсарин медалі берілді. Ғалымдар мен ұстаздардың «Қазақтың білім академиясы» қоғамдық бірлестігі Президиумының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы шешімі бойынша «педагог-зерттеуші» ғылыми лауазымды иеленді. Қазақстанның өнер шеберлері құрамында Вьетнам (ВСР), Шри-Ланка, Түркия, Греция, Германия, АҚШ, Италия мемлекеттерінде болды. Балалар музыка мектептері мен колледждер оқушыларына арналған оқу құралдарын жазып шығарды. Қазақтың халық әндері мен күйлерін баянға өңдеп түсірді. Ұстаздық қызметінде Республикалық, Бүкілодақтық және халықаралық конкурстардың лауреаттарын дайындап шығарды. «ССРО мәдениетінің озаты» (17.09.1990 ж); «ҚазССР халық ағарту ісінің озаты» (22.04.1988 ж.); ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері – (24.12.2002 ж) атақтарымен марапатталған.
Оңдасын Абдуллаұлы Абдуллаев
Последние статьи автора