Оңалсын Исламұлы Жұмабеков 1948 жылы 9 қарашада Талдықорған облысының Ақсу ауданы «Қызылорақ» колхозында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданының «Жаңақоғам» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1974-1980 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1980-1985 жылдары – Қазақ КСР Прокуратурасы Тергеу комитетінің прокуроры, Қазақ КСР Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокуроры. 1985-1990 жылдары – Алматы облысы прокурорының орынбасары. 1990-1994 жылдары – Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары. 1994-1996 жылдары– Алматы облысының прокуроры. 1996-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған.
2-дәрежелі «Даңқ» (2001), «Парасат» (2009) ордендерімен марапатталған.
Оңалсын Исламұлы Жұмабеков
Последние статьи автора