Өміртай Мақашұлы Бітімов
Өміртай Мақашұлы Бітімов 1951 жылы 4 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Семей педагогикалық институтының физика, математика факултетін тәмамдады. 1975 жылы Минскідегі КСРО МҚК жоғары курсының тыңдаушысы, 1979 жылы КСРО МҚК институтында білім алды. Бірнеше шет тілін меңгерген.
1972-1975 жылдары – орта мектепте оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі. 1973-1974 жылдары Кеңес әскері қатарында. 1976 жылдан – Семей облысы Аягөз ауданында МҚКБ аудандық бөлімшесінде төтенше уәкіл. 1979 жылдан КСРО МҚК бас басқармасында, 1992 жылдан ҚР МҚК қызметінде. ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызымет етті. 1997 жылдан – департамент бастығы, ҚР ҰҚК "Барлау" ақпараттық-талдау орталығының бастығы.
2002 жылдан 2009 жылға дейін ҚР ҰҚК "Барлау" қызметінің бастығы.
2011 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.
Генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, «Қызыл жұлдыз» орденімен, бірнеше мемлекеттік және ведомстволық медальдармен марапатталған.