Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин 1941 жылы 29 қыркүйекте Ресейде дүниеге келген. 1964 жылы Орал электрмеханик темір жол көлігі инженерлері институтын және 1984 жылы КСРО Министірлік Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы (1998), Халықаралық Көлік академиясының академигі.
«Экономконсалтинг» ЖШС-ның бас директоры, «Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің жүк тасымалдаушы және экспедиторлар қауымдастығы» одағының төрағасы.
1964-1972 жылдары Қазақ темір жолының Целиноград (қазіргі Ақмола) сигнализация және байланыс дистанциясында инженер, бас инженер. 1972-1977 жылдары Қазақ темір жолында бас инженерлердің орынбасары, бөлім бастығы. 1977-1982 жылдары Тың өлкесі темір жолының бас инженері. 1984-1986 жылдары темір жол бастығының орынбасары, бастығы. 1989-1991 жылдары КСРО Жол қатынасы министрінің орынбасары. 1989-1991 жылдары Алматы темір жолының бастығы. 1991 жылы ҚР Көлік министрі. 1994 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрі. 1994 жылы ҚР Премьер-министрінің 1-орынбасары.
«Интеграционные процессы на постсоветском пространстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин бірқатар ғылыми және публицистикалық кітаптардың авторы. 12-сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990–1991). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі», «Парасат» (2002), Достық (2002, РФ) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Нығметжан Қабатайұлы Есенғарин
Последние статьи автора