Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова
Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова 1961 жылы 12 ақпанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін үздік тәмамдаған. Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған. 1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды. 1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде, 1997-2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры, 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры, 2008-2011 жылдары «31 канал» ТРК Бас директоры болды. 2008 жылдан Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті. 2011 жылдың шілдесінен «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.