Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев
Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев 1956 жылы 3 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген (қазіргі Ордабасы) ауданындағы Бадам стансасында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтаған.
1978-1995 жылдары – Жамбыл облысының Жамбыл ауданы прокуратурасында тағылымдамашы, тергеуші, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Мерке ауданының прокуроры, Шу қаласының прокуроры. 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы. 1997-2000 жылдары – Алматы облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бастығының бірінші орынбасары. 2001 жылдан бастап –Бас Прокурордың аға көмекшісі, Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары, Тергеу топтарына басшылық жасау жөніндегі арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы. 2002-2006 жылдары – Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 2006-2009 жылдары – Павлодар облысының прокуроры. 2010-2011 жылдары – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы. 2011 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
Сыныптық шені – III дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Прокуратураның құрметті қызметкері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медельдарымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталған.