Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаев 1958 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Донское ауылында дүниеге келген. 1983 жылы зооинженер мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2008 жыл құқықтану бакалавры мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2010 жылы Халықаралық бизнес университетінде Мемлекеттік және жергілікті басқару дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 1975 жылдан бастады. 1976-1978 жылдары – әскери қызмет. 12.1978-09.1980 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданындағы Өскемендік шошқа өсіру шаруашылығында оператор, слесарь. 10.1980-11.1980 жылдары – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы – техникумының комсомол комитетінің хатшысы, Таврия ауданы Саратовка ауылы. 11.1980-02.1984 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудандық комсомол комитетінің комсомол ұйымы бөлімінің меңгерушісі. 03.1984-01.1988 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 01.1988-10.1988 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Компартиясының Таврия аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы. 10.1988-04.1991 жылдары Таврия ауылы, содан кейін Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Меновное ауылдық кеңесінің төрағасы. 04.1991-04.1996 жылдары «РУАЛ АГРО» шағын ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры. 04.1996-07.2004 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің № 9 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы. 07.2004-01.2006 жылдары «Асар Республикалық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының хатшысы. 01.2006-03.2007 жылдары Аягөз ауданының әкімі. 03.2007-03.2008 жылдары ШҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің табиғатты қоғау бағдарламалары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы директорының орынбасары. 04.2008-08.2008 жылдары ШҚО әкімінің хатшылығында облыс әкімінің бас инспекторы. 08.2008-04.2009 жылдары ШҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөліміне облыс әкімінің бас инспекторы. 04.2009-10.2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 10.2010-01.2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 01.2012-02.2014 жылдары Глубоке ауданының әкімі. 2014 жылғы 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаев
Последние статьи автора