Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов 1960 жылы 28 мамырда дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚазССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды. 1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры, «АйтPARK» қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы болды.
2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ-ның бас директоры. 2013 жылдан бастап «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. Саясаттанушы, қоғам қайраткері.
Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов
Последние статьи автора