Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов
Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов 1965 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Оқу бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы «Нұрбұлақ» шағын кәсіпкерлігінің директоры болды. 1992-1993 жылдары - «Саят-Брок» ЖШС-ның, «Мәдина» шағын өндірісінің коммерциялық директоры. 1993-1996 жылдары - «Астана-моторс» компаниясының президенті, «Астана-холдинг» вице-президенті. 1996-1997 жылдары - «Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясы» республикалық мемлекеттік өндірісінің президенті. 1997-2004 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ-тың президенті. 2004-2006 жылдары «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының президентi қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап «Аstаnа Grouр» компаниясының президенті, «Алматы сауда-қаржы» банкі директорлар кеңесінің мүшесі.