Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім 1959 жылы 10 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика – статистикалық институтын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау процесстерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ғылыми-зерттеу институтында (ЖПАБҚЖ ҒЗИ) жұмыс істеген.
1981-1983 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы ЖПАБҚЖ ҒЗИ инженері. 1983-1986 жылдары Мәскеу экономика – статистикалық институтының аспиранты. 1987-1990 жылдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1990 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы. 1990-1992 жылдары Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы. 1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі. 1997-1998 жылдары «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары Қостанай қаласының әкімі. 2000-2002 жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ бас директоры. 2001-2002 жылдары «Қазтрансгаз» ЖАҚ президенті. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі. 2003-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.