Нұрбол Сарыбайұлы Сұлтан
Нұрбол Сарыбайұлы Сұлтан 1976 жылы 30 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997) экономист мамандығы бойынша, Guildholl University (Лондон қ., 1997) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан - «Қазақмұнайқұбыры» ҰМК ЖАҚ инвестициялық жобалар департаментінің маманы, менеджері, корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері. 1999 жылдан - «ҚазТрансОйл» ҰМТК» ЖАҚ мемлекеттік активтерді басқару департаментінің бастығы. 2001 жылдан - «Мұнай және газ көлігі» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры. 2003 жылдан «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары. 2004 жылдан «KazTransCom» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2009 жылдың қаңтарынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры.