Нұралы Өсерұлы
Нұралы Өсерұлы 1940 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Ғалым, заң ғылымының докторы (1998), профессор' (2000). .
• 1967 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінтін бітірген .
• 1967 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і ҒА-ның Философия және құқық институтында ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.
• 1996 – 2000 жылдары Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте қызмет етті.
• 2000 – 2004 жылдары Қазақ мемлекетінің заң академиясында, басқа да бірнеше жоғары оқу орындарында дәріс берді. Осы жылдары Ислам құқықтарын зерттеу ортасының директоры қызметін қоса атқарды.
• 2004 жылдың қыркүйегінен Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында кафедра меңгерушісі.
Ғылым-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:
• қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері;
• мұсылмандық заңдар;
• қазақ халқының хандық билік дәуіріндегі заңдары;
• шариаттың ұлттық әдет-ғұрып заңдарына әсері.
Сондай-ақ ол қазақ мектептері үшін 2 – 3 және 8 – 9-сыныптарға арналған араб тілі оқулықтарын, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жазған. Өсерұлы Құран Кәрімді тәржімалады (5 том) және оны ішінара тәпсірледі, сондай-ақ аяттардың оқылуын алғаш рет қазақ әріптерінің жүйесіне түсірді.