Несіпқали Сейітов
Несіпқали Сейітов 1944 жылы 13 маусымда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 1968 жылы ҚазПТИ-дің геология барлау факультетін тәмамдаған. Геология-минерология ғылымдарының докторы. Профессор (1995). 1970-1996 жылдары - ҚазКСР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтында аға-инженерден директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
1996 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1996-2000 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың кафедра меңгерушісі. «Мұнай және газ геологиясы терминдерінін түсіндірме сөздігі», «Мұнай жане газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялык терминдерінін түсіндірме сөздігі» мұнай және газ геологиясына арналған сөздіктердің негізгі авторы.