Назымбек Жәмиұлы Жүнісов
Назымбек Жәмиұлы Жүнісов 1962 жылы 24 сәуірде Павлодар облысы Успен ауданының Таволжан кентінде дүниеге келген. 1988 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ №1 факультетін бітірді. Заң ғылымының кандидаты, заңгер, іскерлік басқару магистрі.
Еңбек жолын 1983 жылы Павлодар қаласының Индустриалды АІІБ тері-венерологиялық облыстық диспансірінің стационарын күзету жөніндегі бөлімшесінің милиционері лауазымынан бастаған. 1988 жылдан 1991 жылға дейін Павлодар облысы Екібастұз АІІБ жедел уәкілі, Павлодар қаласының Индустриалды АІІБ жедел уәкілі, Павлодар қаласының Индустриалды АІІБ СӨКБ бөлімшесінің бастығының орынбасары, Павлодар облысы ІІБ КМБ 4-ші бөлімшесінің ерекше тапсырмалары жөніндегі аға жедел уәкілі, Павлодар облысы ІІБ ЭҚКБ желілі – салалық бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет етті. Қызметте жеткен жетістіктері үшін 1996 жылы Павлодар облысы бойынша МТКБ экономикалық қылмыстарымен күресу жөнінде басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, кейін Павлодар облысы ІІБ ұйымдасқан қылмысымен күресу жөнінде басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылмен 2005 жыл аралығында Павлодар облысы Ақсу ауданының ішкі істер бөлімін басқарды. 2005 жылы Павлодар облысы Павлодар ауданының ІІБ басқарды. 2006-2007 жылдары Павлодар облысы ауылдық ішкі істер органдары арасында «Лучший начальник ОВД» атағына ие болды. 2007 жылдың қыркүйек айында полиция полковнигі Н.Ж.Жүнісов ҚР ІІМ өткізілген «қалалық, аудандық және желілі ішкі істер органының ең жақсы бастығы» екінші республикалық конкурсына қатысты.
2007 жылы қазан айында Павлодар облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылдың наурыз айында Павлодар облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары.