Нәркес Төлекқызы Тілеухан 1965 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған, құқықтанушы.
Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы болып бастады. 1988–1991 жылдар аралығында – Алматы қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы зейнетақы секторының ревизоры, инспекторы, зейнетақы бөлімінің меңгерушісі. 1991–1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жиынтықты-талдау бөлімінің бастығы, Зейнетақымен қамсыздандыру Бас басқармасының бастығы. 1994–1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Заңнамалық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Уақытша жұмыс Аппараты заң жобаларымен жұмыс жөніндегі топтың жетекшісі. 1995–2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама және құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Заңнама бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды. 2000–2004 жылдары – Аппараттың Заң шығару қызметі және мониторингі орталығы директорының орынбасары, Заң жобаларымен жұмыс орталығының директоры, Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама бөлімінің меңгерушісі.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Нәркес Төлекқызы Тілеухан
Последние статьи автора