Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев 1948 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1972 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған. Физика-математика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998). ҚР Инженерлік (2001) және Халықаралық инженерлік (2004) академиясының академигі. КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972–74), сонда аспирант (1974–77), аға инженер (1977–82). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982–95), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995–97, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997–2000) болды. «Эффективные методы решения уравнений гидродинамики в сложных областях» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994).
Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев
Последние статьи автора