Нағима Қабдолқызы Есқалиева

Нағима Қабдолқызы Есқалиева

Нағима Қабдолқызы Есқалиева 1954 жылы 3 ақпанда  Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында (бұрынғы Фабричный) жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады. Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу.Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады. Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген. Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады. Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті. 1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды да, 1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі. 1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайды ХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді. Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды. 1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды.
Нағима Қабылқызы Есқалиева 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. 1985 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисті. 1999 жыл Қазақстанның халық әртісі атағы берілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста