Мырзакелді Кемел
1949 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы, Қызылқұм ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академигі, белгілі қаламгер. Президент және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. Ташкент су жүйелері және электрлендіру институтын бітірген (1971). 1971 – 1975 жылдары бұрынғы Киров ауданыОктябрьдің 30 жылдығы кеңшарының аға инженер-электригі болып жұмыс істеген. 1975 – 1992 жылдары партия қызметінде, 1992 – 1994 жылдары Үтіртөбе кеңшарыныңдиректоры болған. ҚР ПарламентіМәжілісінің соңғы екі шақырылымында депутаты болып сайланды.
Мырзакелді Кемелдің www.kemel.kzдеп аталатын жеке сайты да бар.Оқырмандар сайтта автордың қазақ, орыс тілдерінде жазылған еңбектерімен таныса алады. Сондай-ақ шетелдегі қандастарымыз үшін сайттағы материалдар латын, төте жазу қаріптерімен де берілген.
Сайтта Мырзагелді Кемелдің өзі жазған, жинақтаған, аударма жасаған, кітап етіп әртүрлі мерзімде жариялаған еңбектері бар. Атап айтқанда, «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ», «Ақыл ақылдан қуат алады», «Сөз-құдірет», «Ежелгі грек және Үрім даналығы», «Мың ой», «Ақыл қалта», «Бес бәйіт», «Көгілдір кітап», «Шәкәрімнің ар ілімі», «Өнеге», «Көңіл күнделігі», «Сенека», «Толстой тағылымы», «Ақселеу асуы» және тағы басқа кітаптардың электрондық нұсқалары бар. Жинақтардағы ойлар мен пікірлер, дәйексөздер, мысалдар мен аңыздар адамгершілікке, парасат пен ізгілікке үндейді.
Кітаптың мазмұнына қарап-ақ қамтылған мәселелердің қаншалықты ауқымды екенін аңғаруға болады.
Еңбектер «Өзін-өзі тану» пәнін оқитын оқушылар мен студенттерге және осы пәнді мамандық ретінде таңдаған студенттерге, сонымен бірге ұстаздарға, руханият мәселелеріне құмартушы көпшілік оқырманға арналған.
«Пікірлер, ескертпелер мен ұсыныстар болса осы сайтқа, make@kemel.kz электрондық поштаға немесе автордың өзіне 8-701-1110260 ұялы телефонына хабарласуға болады. Астана қаласына жол түссе келіп жолығуға болады. Автор сіздердің әрбіріңіздің пікіріңізді ықыласпен қабыл аламын. Мeн eшкімгe кeңeс бeргім кeлгeн жoқ, бағыт бeргім кeлді. Өзім үшін, өзімдeй түсінe¬тіндeр үшін жаздым. Oқығандар, қабыл алғандар бoлса жақсы. Oқымағандар мeн қабыл алмағандарға өкпe жoқ. Абай айтқандай: «өз сөзім өзімдікі». Жұрттың бәрі мeн oйлағандай oйлайды дeп oйлауға бoлмайды. Үйрeнгісі кeлгeн бір сөз бoлса да үйрeнeр, үйрeнгісі кeлмeгeн мұншама ділмәрсіді дeп айыптамас. Oсыған сeндім», – дейді Мырзагелді Кемел.