Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын тәмамдаған. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізеді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық жұмыста, 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыста, 1988-2006 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Филология ғылымының кандидаты (1967 ж.). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984 ж.). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997 ж.). «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002 ж.).
Шығармалары: Қобыз сарыны. XV–XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. А., «Жазушы», 1969; Көк мұнар. Роман. А., «Жазушы», 1972; Бір атаның балалары. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1974; Көк кептер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1979; Аласапыран. Тарихи роман. Бірінші кітап. А., «Жалын», 1983; Шоқан Шері. «Известия», 1993; Ғасырлар бедері. «Ер Дәулет», 1994; Мен. Роман-дилогия. «Гауһар», 1998. Тасқа басылған қолжазбалар. «Қағанат», 1999; Шыңғыс ханның шарапаты.»Иль-дан», 2003; Көк мұнар. Роман. Рига. «Лиесма», 1981 (латыш тілінде); Гибель борзого. Повести и рассказы. М., «Советский писатель», 1978; М., «Русская речь», 2003; Поэты Казахстана. М., «Советский писатель», 1978; Змеиное лето. Повесть. М., «Советский писатель», 1984; Голубое марево. Роман, повести, рассказы. М., «Известия», 1985; Вешние снега. Роман-дилогия. М., «Советский писатель», 1990; Кобыз «колье». А., «Мектеп», 2003. Он үш томдық шығармалар жинағы. «Қанағат», 2002; Шыңғыс ханның шарапаты. А., 2003; Қобыз. «Колье». А., 2003; Жармақ. Роман. 2008.  «Шыңғыс хан және оның заманы» деректі  тарихи  хикаясын жазу үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста