Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев
Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев 1950 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент педогогикалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген. Экономика ғылымының докторы, инженерлік академияның толық мүшесі.
Облыстық ақпараттық-есептеу қызметін көрсету жөніндегі өндірістік бірлестік бастығы, Облыстық статистика басқармасының бастығы, Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Облыстық әкімшілік басшысының орынбасары, Экономика министрлігі жанындағы шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының 1-орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Президент әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есептеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі. «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің мүшесі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшесі.