Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары КСРО-ның 60 жылдығы атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш стансасы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Іле ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары - Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010-2011 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2011 жылдың сәуір айынан қазіргі қызметінде істейді. Екі медальмен марапатталған. Алматы облысының әкімі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы
Последние статьи автора