Мұрат Талапұлы Қабденов 1969 жылы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Шымкент педагогикалық институтын тәмамдаған. 1996 жылы ҚР ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Қаржы полициясының полковнигі.
Органдағы қызметін 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының ІІБ ҚІБ криминалды полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметінен бастады. Ол сондай-ақ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ІІД басшысының бірінші орынбасары, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары болған. ҚР ІІМ Көші-қон полиция комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет жасаған. 2012-2014 жылдары Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы болды.
Мұрат Талапұлы Қабденов
Последние статьи автора