Мұрат Ноянбайұлы Ахманов
Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік, 1998 жылы режиссерлік бөлімін бітірген. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). "Құрмет" орденінің иегері (2012). республикалық фестивальдердің 4 дүркін бас жүлделердің иегері.
1976 жылы Қазақ ән-би ансамбілінде биші. 1984-1993 жылдары -Талдықорған облысы драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Жезқазған музыкалық драма театрының бас режиссері. 2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы драма театрының бас режиссері. 2005 жылдан Алматы облысы драма театрының директоры - көркемдік жетекшісі. Қазіргі таңда Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
М.Ахманов 30-ға тарта рөлде ойнап, 20-дан астам спектаклді сахналады. Ол қойған С.Асылбековтің «Бір түнгі оқиға» спектаклі - VI республикалық, Ә.Тәжібаевтың «Алтын күмбез» тарихи драмасы X респубилкалық фестивальде бас жүлде алды.