Мұрат Бекмұхамедұлы Серкебаев 1940 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) және оның аспирантурасын тәмамдаған. Скрипкашы, дирижер, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
1959-1965 жылдары - Қазақ телевизиясы мен радиосы эстрадалық-симфониялық оркестрінде скрипкашы. 1968-1996 жылдары - камералық оркестрдің скрипкашысы, бас дирижер әрі көркемдік жетекшісі. 1998 жылдан - Алматы қалалық әкімдігі концерттік оркестрінің көркемдік жетешісі әрі бас дирижері. Қазақстан композиторларының, орыс және шетел классикалық музыка туындыларын насихаттауда елеулі еңбек етті.
«Айнамкөз» поэмасының, «Аққуым әнім», «Дала келбеті», «Элегия», «Рапсодия», «Туған жер туралы ән» атты ән-романстар, оркестрге лайықталып өңделген көптеген музыкалық шығармалардың авторы.
Мұрат Бекмұхамедұлы Серкебаев
Последние статьи автора