Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастар саласы маманы. Дипломатиялық дәрежесі – бірінші сыныпты кеңесші. Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Хатшылығының Басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет істеген. Қазір Сенат Аппаратының Басшысы болып қызмет атқаруда.
«Құрмет» орденімен, бір медальмен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов
Последние статьи автора