Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982 ж.). 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдауға шақырылған.
1969-1973 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген. КСРО Халық артисі Х.Бөкееваның класында дәріс алған. 1973 жылдан М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академия драма театрында артистік Театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973), М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармасы байқауының лауреаты атанған.
Өтекешова сонымен қатар республика «Жігер» фестивалінің де лауреаты. «Қыз Жібек»(1970), «Ағам менің» (1972), «Ұлымның оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1977), «Тентек балалар»(1980), «Аждаһа жылы» (1981), «Орнамент» (1982), «Кінәңді ақта» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы», т.б. «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
Меруерт Қаратайқызы Өтекешова
Последние статьи автора