Мейірім Жоламанұлы Қалауи
Мейірім Жоламанұлы Қалауи 1985 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. 2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдады. 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын бітіргеннен кейін экономика ғалымдарының магистрі атағын қорғады. Еңбек жолын «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастады. «Тұран» ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редактор болды. Соңғы тағайындауға дейін «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы болып қызмет етті. Сондай-ақ "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарды. 2012 жылдың қазан айында Атырау облыстық жастар саяты басқармасының басшысы болып тағайындалды