Медеуов Есенгелді Өміржанұлы
Медеуов Есенгелді Өміржанұлы 1944 жылы 20 тамызда Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ политехникалық институтының ассистенті, Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері болған. 1984-1989 жылдары - Қазақ политехникалық институтының доценті, физика-математика фа-культетінің деканы, партия комитетінің хатшысы. 1990-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға рефереті, сектор меңгерушісі. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры. 1998-2001 жылдары - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.
Ғалымның 100-ден астам ғылыми жарияланымы және «7 сыныпқа арналған алгебра» атты оқулығы бар.
«Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.