Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов 1961 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Н.Э. Баумана атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген (1984) инженер-механик. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан бастап). 1984 жылдан – Алматы қ. С.М.Киров атындағы машина жасау зауытының мастері, цех бастығының орынбасары. С 1989 жылдан – «Дамис» ШК директорының орынбасары. 1991 жылдан – «Қазақ жылжымайтын мүлік орталық биржасы» АҚ іс басқарушысының орынбасары. 1992 жылдан – «Дамис-93» бас директоры. 1996 жылдан – «Алмаз» зергерлік корпорациясы» БК бас директорының орынбасары. 1997 жылдан – ҚР Экономика және сауда министрлігі Өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары. 1998 жылдан – ҚР ҚМ, ҚР ЭИМ, ҚР МГД Алкоголь өнімдерін өндіруді және айналымын мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2001 жылдан – ҚР Табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2003 жылдан – «Инновациялық қор» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2004 жылдан – «АстанаЭнергоСервис» басқармасының төрағасы. 2006 жылдан – коммерциялық құрылымдардағы басшылық жұмыстар. 2007 жылдан – «Максимум» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС директоры. 2008 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары. 2009 жылғы наурыз - 2012 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2012 жылдан бастап «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медалдарымен марапатталған.
Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетов
Последние статьи автора