Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов
Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. И.М.Губкин атындағы мұнай және газ институтын тәмамдаған.
1983-1989 жылдары "Ембімұнай" ӨБ "Балықшы" барлау басқармасының геологы, аға геологы, бас геологы. 1989-1991 жылдары - "Ембімұнай" ӨБ "Доссормұнай" газ өндіру басқармасының геологиялық бөлім бастығы, "Мақатмұнай" газ өндіру басқармасының бас геологы. 1991-1996 жылдары - "АНАКО" АҚ "Мұнай" БК бас геологы. 1996-1997 жылдары - "Ес-бол" ЖШС директорының техникалық мәселелер бойынша орынбасары. 1997-2002 жылдары - "Ембімұнайгаз" АҚ геология бөлімінің бастығы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ менеджері, директордың орынбасары, геология департаментінің директоры, геология және игеру департаментінің директоры. 2002-2003 жылдары - "Қазмұнайгаз" ҰК ЖАҚ келісімшарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ БК-індегі үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2006-2009 жылдары - "ҰазГерМұнай" БК ЖШС бас директорының орынбасары - бас геологы. 2009-2012 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары. 2012-2013 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі. 2013 жылғы қыркүйектен бастап «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының Бас директоры, Басқарма төрағасы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталған.