Махамбет Демешұлы Батырбаев
Махамбет Демешұлы Батырбаев 1943 жылы 24 қаңтарда Гурьев қаласында дүниеге келген.
Гурьев политехникалық техникумын «Кәсіптік геофизика» мамандығы бойынша (1963); Бүкілодақтық сырттан оқыту политехника институтын (1972) бітірген, тау-кен инженергеологы. Техника ғылымының кандидаты. Атырау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ғылыми мақалалар мен 35 өнертабыстың авторы.
1962 жылы Маңғышлақ кәсіптік-геофизикалық экспедициясының (Форт-Шевченко, Жетібай кенті) технигі, аға жұмысшысы, инженері.
1968 жылы Гурьев геологиялық-барлау экспедициясының геофизигі.
1969 жылы «ҚазҒЗЖИмұнайдың» (Гурьев қ.) инженері, аға инженері, сектор меңгерушісі, зертхана меңгерушісі.
1978 жылы «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Өзенмұнай» МГӨБ (Жаңаөзен қ.) бас геологы.
1981 жылы «Өзенмұнай» МГӨБ (Жаңаөзен қ.) бастығы.
1991 жылы «Маңғышлақмұнай» ӨБ (Ақтау қ.) өндірістік бөлімінің бастығы, өндіріс жөніндегі бас инженерінің орынбасары.
1992 жылы «Теңізмұнайгаз» ӨБ (Құлсары) бас директоры.
1994 жылы «Мұнайгаз МХК (Апматы қ.) бірінші вице-президенті.
1994 жылы «Ембімұнайгаз» ААҚ президенті.
1999 жылы «Қазақ ойл-Ембі» ААҚ президенті.
2002 жылы «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ (Астана қ.) вице-президенті.
2006-2007 жылдары Атырау қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице президенті - өкілдігінің директоры.
«Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, «Астана» медалімен; ҚР ЭМРМ Құрмет грамотасымен; «ҚазМұнай» Газ» ҰК» АҚ құрмет грамотасымен, алғыс хатымен және естелік белгісімен марапатталған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының, И.М. Губкин атындағы, Н.К. Байбаков атындағы сыйлықтың лауреаты. ҚР Еңбек сіңірген қызметкері. Атырау қаласының, Жаңаөзен қаласының, Атырау облысының Жылыой және Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы.