Мәулен Зарлықұлы Айманбетов
Мәулен Зарлықұлы Айманбетов 1966 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген. Өскемен жол құрылысы институтын, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1990-1992 жылдары - «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасының шебері, «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасының прорабы, «Алматагорстрой» құрылыс монтаж басқармасы бастығының орынбасары. 1992-1996 жылдары - «Айымбет и К» кәсіпорнының бас директоры. 1996-2000 жылдары - «АгроАвиаСервис» ЖШС-нің бас директоры. 2000-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, «Ғасыр жолдары» компаниясының бас директоры. 2006-2007 жылдары - «Қазақстан Республикасы Президент басқармасы көлік шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының экономика бойынша директордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Президент Істері басқармасы «Бурабай» Мемлекеттік Табиғат саябағы күрделі қаржылар бойынша директорының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент істері Басқармасының қарасты мекемелерді басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Президентінің істер Басқармасына қарасты мекемелерді басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі