Марат Шайдоллаұлы Кәрімов 1972 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтында (таукен инженері) және Оклахома, Луизиана штаттарындағы Америка университеттерінде (мұнай ісі) білім алған.
Еңбек жолын 1994 жылы «КазахстанКаспийШельф» АҚ-ның геология және геофизика бөлімінің техникалық көмекшісі болып бастаған. Кейін осы кәсіпорынның маманы, жетекші маманы болып істеді. 1998-2002 жылдары Атырау және Гаага қалаларында «Оффшор Казахстан Интернэшнл Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының бұрғылау жөніндегі супервайзердің ассистенті, өндіріс инженері, кенішті дамыту және жайластыру жөніндегі инженері болып істеген.
2002-2004 жылдары - Лондон қаласында «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Kомпани Н.В.» компаниясының инженері, бөлім бастығы. 2004-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның департамент директорының орынбасары, департамент директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы АҚ-ның бас директорының бірінші орынбасары, "КМГ Кашаған БВ" компаниясы бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау жобалары бойынша бас менеджері. 2013 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып істеді. 2013 жылдың 4 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Марат Шайдоллаұлы Кәрімов
Последние статьи автора