Марат Николайұлы Молдағұлов
Марат Николайұлы Молдағұлов 1964 жылы 28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.
1990-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының химиялық ғылымдары институтының аға лаборанты, инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері лауазымдарында қызмет атқарған. 2000-2002 жылдары - Павлодар химиялық зауытының бас инженері. 2002 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында «Лайонс Джамп» мұнай өндіруші компаниясының техникалық менеджері. 2002-2009 жылдары Ақтау шыны талшықтар зауытының бас технологы, орындаушы директоры, директоры қызметтерін атқарды (2007-2009 жылдары Төртінші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған). 2009-2011 жылдары - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары. Экономика және қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына басшылық етті. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы.