Марат Кенжетайұлы Оңғарбеков 1959 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы - ғалым-агроном.
Еңбек жолын 1981 жылы Жымпиты ауданы, «Бұлдырты» кеңшары №2 бөлімшесінің агрономы болып бастады. 1984-1985 жылдары осы кеңшардағы №3 бөлімшесі меңгерушісі.
1985-1987 жылдары - Жымпиты ауданы «Жосалы» кеңшарының бас агрономы.
1987-1990 жылдары - Жымпиты аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бас агрономы.
1990-1992 жылдары - Жымпиты ауданы «Бұлдырты» кеңшарының бас агрономы.
1992-1997 жылдары - Сырым ауданы «Бұлдырты» ұжымшарының бас агрономы.
1997-2000 жылдары - Сырым ауданы әкімінің бірінші орынбасары - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2000-2006 жылдары - Сырым ауданының әкімі.
2006-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары - Зеленов ауданының әкімі.
2014 жылдың наурыз айнан бастап Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
Марат Кенжетайұлы Оңғарбеков
Последние статьи автора