Марат Ғанұлы Демеуов
Марат Ғанұлы Демеуов 1957 жылы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. 1981 жылдың қазан айынан бастап, 1983 жылдың тамыз айына дейін КСРО ІІМ Алматы милиция мектебінің курсанты атанды. 1976 жылдың қазан айынан бастап, 1978 жылдың мамыр айына дейін Қарулы күштер қатарында қызметін атқарды. 1978 жылдың желтоқсан айынан 2001 жылға дейін ішкі істер органдарында бірқатар басшылық қызметте болды. 2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың шілде айына дейін Ақмола облыстық қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары болды. 2003 жылдың шілде айынан 2008 жылдың мамыр айы аралығында - Астана қаласының ІІД бастығының бірінші орынбасары. 2008 жылдың мамыр айы мен 2011 жылдың шілде айына дейін Астана қаласы ІІД-нің бастығы. 2011 жылдың шілде айынан бастап ҚР ІІМ министрінің бірінші орынбасары. Полиция генерал-майоры.
Отан алдындағы ерекше еңбекі үшін бірнеше Үкіметтік наградалармен марапатталған.