Марат Бүркітбайұлы Әлменов
Марат Бүркітбайұлы Әлменов 1964 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. 1998 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Қазастан Халық Банкі» АҚ-да Заңды тұлғаларға кредит беру басқармасынының банкирі қызметінен бастады. Кейіннен 2001 жылғы маусым айнан 2003 жылдың тамыз айына дейін тәуекел-менеджері, Кредиттік тәуекелдер департаментінің Бөлшек бизнес басқармасының бастығы, 2003 жылғы тамыз айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Ақмола, Астана филиалдары директорларының ББ бойынша орынбасары, 2005 жылғы ақпан айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін Стандартты өнімдерді сату басқармасының бастығы, Бөлшек сатуды қолдау департаментінің директоры, Банктік өнімдер және агенттік қызметтер департаментінің директоры және 2009 жылғы сәуірден бастап Алматы облыстық филиалының директоры лауазымдарын атқарды. 2010 жылдың 1 шілдесінде «Қазастан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.