Марат Бизауылұлы Мұқашев 1946 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Заң ғылымының кандидаты, профессор, әділет полковнигі.
1971-1973 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының әскери тергеушісі. 1973-1979 жылдары - Державин гарнизонының аға тергеушісі, әскери прокурорының көмекшісі. 1979-1981 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі. 1981-1988 және 1990-1992 жылдары - Жамбыл гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, әскери прокуроры. 1988-1990 жылдары - Петропавл-Камчатка гарнизонының әскери прокуроры. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы әскери прокуроры, әскери прокурорының орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты кафедрасы бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары мектебінің доценті. 1995-2003 жылдары - «Тұран» университеті құқық факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі. 2003 жылдан бастап «Әділ сөз» қоғамдық қорының Орталық Азия бойынша мониторингтік қызметін үйлестірушісі болған.
40-тан астам ғылыми еңбектің және бірнеше кітаптың авторы. Бірнеше медальмен марапатталған.
Марат Бизауылұлы Мұқашев
Последние статьи автора