Марат Әбенұлы Ниетбаев
Марат Әбенұлы Ниетбаев 1956 жылы 2 маусымда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
Техника ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.
1973-1991 жылдары - Шымкент қорғасын зауытында балқытушы, шебер, аға шебер, бастықтың орынбасары, цех басшысы, аға металлург, өндірістік бөлімнің бастығы. 1991-1992 жылдары - Шымкент қорғасын зауыты директоры. 1992-1997 жылдары - «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ-ның бас директоры. 1997-1998 жылдары - «Тың тау-кен химиялық комбинаты» АҚ-ның оңалту басқарушысы. 1998-2004 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның тау-кен рудасы департаменті директоры. 2004-2006 жылдары - «Тау-кен рудасы компаниясы» ЖШС-нің бас инженері. 2005-2007 жылдары - «Волковгеология» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2006-2007 жылдары - «Кең дала» АҚ-ның бас директоры. 2007-2010 жылдары - «Тау-кен рудасы компаниясы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап «Еуразия Энерджи Холдингс ЛТД» компаниясының вице-президенті.