Маралтай Ыбыраев
Маралтай Ыбыраев 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған.
Өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда жарияланған. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 1999 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. “Студенттер көктемі” фестивалінің бас жүлдегері болған.
Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары.
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.