Мақаш Байғалиұлы Тәтімов

Мақаш Байғалиұлы Тәтімов

Мақаш Байғалиұлы Тәтімов 1940 жылы 30 cәуірде Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Демограф-ғалым, педагогика ғылымының кандидаты (1970), саясаттану ғылымның докторы (1995), профессор (1996), Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері. В.И.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген. 1970 – 1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. Ол 1931-1933 жылдары «голощекиндік геноцидтің», 1937-1938 жылдары сталиндік қуғын-сүргіннің, ІІ дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақтар шығынын, тоталитаризм үшін «сенімсіз» халықтардың Қазақстанға қоныс аударылуының саяси себептерін ашып көрсету жөніндегі түрлі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ 1986 жылы оқиғаға қатысқан жастарды саяси-құқықтық ақтау үдерісіне қатысты. Халықаралық статистика деректеріне сүйене отырып, тұңғыш рет дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы санын жариялады. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысын құруға қатысып, оның тең төрағасының бірі болып сайланды. 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратында Ақпарат және талдау бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарды. Тәтімов – көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі. 1997 жылдан Орталық Азия университетінің ректоры. «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста